БҚО-да 2 және 5 жасар балалар жоғалып кетті

25 Қазан 2019, 12:16
2700
Бөлісу:
БҚО-да 2 және 5 жасар балалар жоғалып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында кәмелеттік жасқа толмаған екі бала жоғалып кетті. Бұл туралы ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, 24 қазан күні сағат 21:00-де Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Жанама ауылында 2014 және 2017 жылы туған  екі баланың жоғалып кеткендігі туралы хабарлама келіп түскен. 16:00-де олар есік алдында ойнап отырған жерінен жоқ болып кеткен. 

Ақпарат түсе салысымен балаларды іздеу жұмысына полиция, құтқарушылар және жергілікті тұрғындар жұмылдырылған. Орал қаласынан  құтқарушылар мен кинологтар жіберілген. Олар Жанама ауылы мен оның маңындағы ауылдарды қарап жатыр. 

Іздеу жұмыстарына 30 адам, құтқарушылардың 2 арнайы техникасы мен полиция және 200-дей ауыл тұрғыны қатысып жатыр. 

Өзгелердің жаңалығы