БҚО-да індет жұқтырғандар саны 100-ден асты

25 Сәуір 2020, 10:25
1060
Бөлісу:
БҚО-да індет жұқтырғандар саны 100-ден асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған соңғы 2 адам туралы ақпарат таратты.

Коронавирус инфекциясы табылған 2 азамат та Ресей Федерациясында вахта әдісімен жұмыс істейтін 1964 және 1991 жылғы Түркістан облысының тұрғындары. Ресей Федерациясымен шекарадағы Тасқала автоөткеліндегі санитарлық-карантиндік бекетте эпидемиолог мамандар байланыссыз термометриямен тексеріп, сауалнама жүргізу кезінде азаматтардың денсаулыққа шағымдары болмаған. Алгоритмге сәйкес, СКП эпидемиологтары жедел жәрдем шақырып, азаматтар карантиндік стационарға жатқызылды. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен 2 адамда да COVID-19 диагнозы нақтыланды. Екеуі де облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды - делінген хабарламада.

Олармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды. Дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынған.

Қазіргі жағдай бойынша облыста COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 102 адам анықталған.

Өзгелердің жаңалығы