БҚО-да індет жұқтырған адам Ресейде жұмыс істеген

11 Сәуір 2020, 23:20
1286
Бөлісу:
БҚО-да індет жұқтырған адам Ресейде жұмыс істеген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында "COVID-19" инфекциясын жұқтырған соңғы 1 науқас туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы ақпаратберді.

Коронавирустық инфекция табылған азамат Ресей Федерациясында вахта әдісімен жұмыс жасайтын 37 жастағы Батыс Қазақстан облысы тұрғыны.  Ресей Федерациясының Саратов облысымен шекарадағы "Тасқала" автоөткеліндегі санитарлық-карантиндік бекетте эпидемиолог мамандармен қашықтық термометрия және сауалнама жүргізу кезінде, азаматтан жөтелу, тұмаурату белгілері анықталды. Аталған азамат іс-әрекет алгоритміне сай оқшауланып, жедел жәрдем көлігі шақырылды. Барлық эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтай отырып, аталған азамат провизорлық стационарға жеткізіліп, коронавирус жұқпасына талдау жасалды - делінген хабарламада.

ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі уақытта облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында жеке боксқа орналастырылды.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, "Ұлттық сараптама орталығы" БҚО бойынша филиалы дезинфекция орталығы мамандарымен дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.

11.04.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан барлығы 7 адам облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына ем алуда.

Өзгелердің жаңалығы