Бүгін жаңбыр жауып, жел күшейеді

29 Тамыз 2019, 08:13
2383
Бөлісу:
Бүгін жаңбыр жауып, жел күшейеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК 29 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Синоптиктердің болжамы бойынша, республиканың басым бөлігі циклонның және сонымен байланысты фронттардың ықпалында болады. Кей жерде жауын-шашын болып, солтүстік-батыста нөсер жаңбыр жауады. Кей жерде дауыл тұрып, жел күшейеді. Бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік және оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін. Кей жерде жел екпіні 15-20, 25 м/с жетеді.

Түркістан облысының кей жерінде шаңды дауыл соғады. Бұршақ жаууы мүмкін. Жел 15-екпіні 20, 23 м/с дейін күшейеді. 

Қызылорда облысының кей жерінде шаңды дауыл күтіледі. Түнде кей жерде жел қарқыны 15-20, күндіз 15-20, 23-28 м/с болады. 

Қостанай облысының кей жерінде дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде кей жерде, күндіз басым бөлігінде жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. 

Атырау облысында желдің күші кей жерде 15-20, күндіз басым бөлігінде 17-22 м/с дейін күшейеді. Күндіз шаңды дауыл соғады.  

Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерінде дауыл тұрады. Бұршақ жаууы мүмкін. Жел екпіні - 15-20 м/с.

Қарағанды облысында жел жылдамдығы секундына 25 метрге жетеді. Павлодар облысының кей жерінде бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді. 

Маңғыстау облысының кей жерінде жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейіп, шаңды дауыл тұрады.

Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Жамбыл облысында желдің күші 15-20, 23-28 м/с жетеді.

Күндіз Алматы облысында аптап ыстық күтіледі.

Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау облыстарының кей жерінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады. 


Өзгелердің жаңалығы