Бүгін Украинада қаралы күн

8 Желтоқсан 2019, 12:01
4628
Бөлісу:
Бүгін Украинада қаралы күн

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украина Президенті Владимир Зеленский Одесса колледжінде болған өртке байланысты 2019 жылдың 8 желтоқсанын елде қаралы күн деп жариялау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Укринформ хабарлады.

Бүкіл Украинада аза тұту күнінде: мемлекеттік органдардың, жергілікті билік органдарының, мемлекеттік кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың үйлерінде және ғимараттарында Украинаның Мемлекеттік Туы түсірілсін; ойын-сауық және концерттік шаралардан бас тартылсын, теледидар мен радио бағдарламаларына тиісті өзгерістер енгізілсін, - делінген Президент Жарлығында. 

Сонымен қатар, Владимир Зеленский бұл шешіміне Facebook-тегі парақшасында да арнайы пікір білдірді. 

Осы қайғылы оқиға барлық шенеуніктер, басшылар, барлық Украина азаматтары үшін сабақ болсын. Өмір - әрқайсымыздың қолымызда бар ең құнды нәрсе. Адам өмірі - бұл елдің ең басты құндылығы. Олардың өмірін сақтау - мемлекеттің бірінші кезектегі міндеті. Адамдар майданда жан қиып жатса ауыр дейміз. Ал бейбіт қалада, біреудің қателіктері немесе немқұрайдылық салдарынан адамдардың қайтыс болуы екі есе ауыр, - деді ол өз жазбасында.
Өзгелердің жаңалығы