Бүгін Шымкентте ауа сапасы нашарлайды

4 Маусым 2020, 08:47
1211
Бөлісу:
Бүгін Шымкентте ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК ел қалаларындағы метеорологиялық ахуал туралы мәлімдеді.

Синоптиктердің болжамынша, 4 маусым күні ауа сапасының нашарлауы Шымкент қаласында ғана күтіледі. Өзге шаһарларда атмосфералық ауа сапасы қалыпты шекте болады.

Айта кетейік, Шымкентте жағымсыз метеожағдай соңғы бірнеше күннен бері тіркелуде. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Өзгелердің жаңалығы