Бүгін республиканың 4 қаласында ауа сапасы нашарлайды

24 Тамыз 2020, 08:50
1227
Бөлісу:
Бүгін республиканың 4 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін, 24 тамыз күні республиканың бірнеше қаласында метеорологиялық ахуал жағымсыз болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Дүйсенбі күні ауа сапасы 4 қалада – Ақтөбе, Ақтау, Қарағанды, Алматы қалаларында нашарлайтыны күтілуде.

Еліміздің өзге шаһарларында метеожағдай қалыпты болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы