Бүгін республиканың 2 қаласында ауа сапасы нашарлайды

22 Тамыз 2020, 08:52
1235
Бөлісу:
Бүгін республиканың 2 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін, 22 тамыз күні республиканың екі қаласында метеорологиялық ахуал жағымсыз болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Сенбі күні ауа сапасы 2 қалада – Теміртау мен Шымкент қаласында нашарлайтыны күтілуде.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

 

 

Өзгелердің жаңалығы