Парижде дзюдодан Grand Slam турнирі басталады

8 Ақпан 2020, 18:12
1337
Бөлісу:
Парижде дзюдодан Grand Slam турнирі басталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Парижде дзюдодан Grand Slam жарысы басталады. Бұл туралы дзюдо федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Сайыстың бірінші күнінде ерлер 60, 66, 73 келі, әйелдер 48, 52, 57, 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі балуандар өзара мықтыны анықтайды.

Қазақстан құрама сапынан бүгін татамиге Елдос Сметов (60 келі), Ғұсман Қырғызбаев (60 келі), Елдос Жұмақанов (66 келі), Жансай Смағұлов (73 келі), Бекәділ Шаймерденов (73 келі) және Галбадрах Отгонцэцэг (48 келі), Ақмарал Науатбек (48 келі), Анна Казюлина (52 келі), Севара Нишанбаева (57 келі) шығады.

Өкінішке қарай, жарысқа 66 келіге дейінгі салмақта тіркелген Ерлан Серікжанов додадан тыс қалды.
Ерлан Серікжанов жарыс алдындағы жаттығу барысында жарақат алуына байланысты күреспейді. Ұлттық құрама бапкерлері мен дәрігерлер ақылдаса отырып, осындай шешімге келдік. Мұндай шешім денсаулығына зиян келтірмес үшін және спортшымыздың алдағы маңызды рейтингілік ірі жарыстарға жарақатсыз қатысуы үшін қабылданды, - дейді ұлттық құрама бас бапкері Айдын Смағұлов.

Өзгелердің жаңалығы