Бүгін елімізді тұман басады

29 Қараша 2019, 08:13
2760
Бөлісу:
Бүгін елімізді тұман басады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК 29 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Қазақстан территориясының басым бөлігі әлі де антициклонның ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек батыс аймақтарда жаңбыр мен қар күтіледі. Оңтүстікте жел күшейеді. Өзге аймақтарда тұман болжанады.

Манғыстау, Атырау облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, көктайғақ күтіледі.

Атырау облысының жекелеген аумағын тұман басуы ықтимал.

Күндіз Жамбыл, таңертең және күндіз Қызылорда облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с артады, кей жерде тұман болжанады.

Түркістан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, түнде және күндіз Қарағанды, түнде Алматы облыстарында тұман күтіледі.



Өзгелердің жаңалығы