Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды

27 Тамыз 2020, 08:50
868
Бөлісу:
Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 27 тамыз, бейсенбі күні республиканың екі қаласында ауа сапасы нашарлауы ықтимал, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Бейсенбі күні ауа сапасы екі қалада – Ақтөбе мен Атырау қаласында нашарлайтыны күтілуде. Еліміздің өзге шаһарларында метеожағдай қалыпты болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Өзгелердің жаңалығы