Астанада қала тұрғындары мен қонақтарына ыстық бауырсақ таратылады

20 Наурыз 2019, 12:41
1831
Бөлісу:
Астанада қала тұрғындары мен қонақтарына ыстық бауырсақ таратылады

Астана, BAQ.KZ. Акция «Астана жастары» ресурстық орталығының қолдауымен өтуде, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елорда жастары қала тұрғындары мен қонақтарын Наурыз мейрамымен құттықтап, ыстық бауырсақтар сыйлайды.

«Бүгін, 20 наурызда сағат 13:00-де белсенділер қала көшелерінен жүріп өтіп, тұрғындарға ыстық бауырсақ таратады», – деп хабарлады орталықта.

Астана қаласының арнайы орта оқу орындарының көшбасшылары мен «А35» жобасының қатысушылары бірлесіп, #Наурызмейрамықұттыболсын акциясын өткізеді.

Өзгелердің жаңалығы