Бүгін 2 қалада метеожағдай нашарлайды

5 Қараша 2019, 08:29
1828
Бөлісу:
Бүгін 2 қалада метеожағдай нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК мамандары сейсенбі күні қай қалада ауа сапасы нашарлайтынын хабарлады. 

2019 жылғы 5 қарашада Атырау және Қарағанды қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі. Ал Ақтау, Алматы, Қостанай, Қызылорде, Көкшетау, Нұр-Сұлтан, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент қалаларында ауа сапасы қалыпты деңгейде сақталады, - делінген ведомствоның хабарламасында.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. 

Өзгелердің жаңалығы