БҰҰ-ға 7 қазақстандық ерікті болып барады - Балаева

29 Маусым 2020, 11:25
1384
Бөлісу:
БҰҰ-ға 7 қазақстандық ерікті болып барады - Балаева

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. БҰҰ құрылымдарында жұмыс істеу үшін 7 қазақстандық ерікті болып барады. Бұл туралы ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева халық алдында берген есептік кездесуінде айтты.

Волонтерлікті жүйелі дамыту үшін өңірлік деңгейден республикалыққа дейін бірыңғай вертикальді қамтитын волонтерлік инфрақұрылым жасақталды. Қазіргі таңда ҮЕҰ-мен бірлесіп, аталған заң жобасы әзірленіп жатыр. Онда волонтерлікке адамдарды тартуды ынталандырудың тетіктері көрсетіледі. Биыл БҰҰ құрылымына жұмысқа 7 қазақстандық ерікті ретінде бағытталады, - деді Аида Балаева. 

Министр волонтерлік жұмысқа үлес қосқан азаматтар халықаралық сыйлықпен марапатталатынын айтты. 

Қазақстанның дамуына үлес қосып, әлеуметтік мәселелердің шешілуіне септігін тигізген адамдар "Жыл волонтері" халықаралық сыйлығына ие болады. Әрине, жыл ішінде волонтерлікті дамытуға арналған барлық бастаманы жүзеге асыру мүмкін емес. Алайда ол жүйелік дамудың шешуші кезеңі болып табылады, - деді ол. 

Айта кетейік, Балаева есептік кездесуде 2020 жылы жалпы сомасы 17,7 млрд теңгеден астам 2 мыңнан астам әлеуметтік жоба іске асырылатынын айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы