Азық-түлікі бағасына әсер ететін артық делдалдардың бәрінен арылу керек – Президент

7 Қараша 2022, 12:58
1020
Бөлісу:
Азық-түлікі бағасына әсер ететін артық делдалдардың бәрінен арылу керек – Президент

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысына сапары барысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Азық-түліктің дүкендегі бағасына әсер ететін артық делдалды алдымен мейлінше азайтып, содан кейін бәрінен арылу керек. Тамақ өнімдерін сақтайтын орындарды көбейту – өзекті мәселе. Қазір мұнда көтерме сауда және тауарды бөліп-тарату орталығы салынып жатыр. Оның құрылыс жұмыстарын уақтылы аяқтау қажет, - деді Президент.

Мемлекет басшысы жаңа қоймалар салу үшін әкімдік жеке инвесторларға дайын инфрақұрылымы бар жер беруі керек екенін айтты. 

Біз азық-түлік өнімін өндірушілерді алдын-ала қаржыландыру тәсілін енгіздік. Мұны облыстың әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы тиімді пайдалануына болады. Өнімді сатып алу үшін өзге өңірлердегі шаруалармен алдын-ала келісім-шарт жасауға мүмкіндік бар. Бұл жұмыста бәрін дер кезінде жасау өте маңызды, - деді ол.

Нарықтың бет алысын мұқият зерделей отырып, ертерек қамданған абзал деді ол.

Былтыр қатты қуаңшылықтың және жем-шөп тапшылығының кесірінен ауыл халқы қаншама малынан айырылды. Мұндай жағдайдың қайталануына жол беруге болмайды, - деді Президент.

Президент азық-түлік өнімдерін көптеп шығаратын мемлекет бола алатынымызды қайта айтты.

Маңғыстаудың ауыл шаруашылығы саласындағы әлеуетін арттырып, азық-түлік нарығын дамыту аса маңызды. Агроөнеркәсіп саласы – ел экономикасын дамыту ісіндегі стратегиялық басымдықтың бірі. Мен халықаралық форумдарда әлемдік нарыққа азық-түлік өнімдерін көптеп шығара аламыз деп жиі айтамын. Бұған бізде мол мүмкіндік бар, - деді Қасым-Жоморт Тоқаев.

Мемлекет басшысы жыл басынан бері азық-түлік бағасы 20 пайыздан астам қымбаттағанын айтты.

Бірақ, ең алдымен, өз елімізді сапалы әрі арзан азық-түлікпен қамтамасыз етуіміз керек. Маңғыстау өңірі үшін бұл мәселе айрықша маңызды. Аймақ тұрғындары жыл сайын 100 миллион доллардың азық-түлігін сырттан алады. Мұндай тәуелділік оның бағасына тікелей әсер ететіні белгілі. Жыл басынан бері азық-түлік бағасы 20 пайыздан астам қымбаттаған. Көбіне мұндай ахуалдың қалыптасуына аймақтың орналасқан жері және логистика мәселелері себеп болып отыр, - деді Президент.

Өзгелердің жаңалығы