Азық-түлік тауарлары бағасын негізсіз көтерген кәсіпкерлерге айыппұл салынады

8 Қаңтар 2022, 10:30
1360
Бөлісу:
Азық-түлік тауарлары бағасын негізсіз көтерген кәсіпкерлерге айыппұл салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын негізсіз көтерген кәсіпкерлерге айыппұл салынады. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады.

Террорлық қауіптің «қызыл» деңгейі кезінде және ел бойынша төтенше жағдайда ірі сауда орталықтарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (ӘМАТ) бағасы негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында  Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі және оның аумақтық департаменттері республиканың барлық аумағында ӘМАТ-ң барлық позициясы бойынша бағаны күнделікті бақылауға алды.

Осы жылдың 7 қаңтарына ӘМАТ бағасының өсімі байқалмайды.

ӘМАТ бағасының негізсіз қөтеру фактылерін оперативті алдын алу және жол бермеу мақсатында Агенттік хабарламаларды қабылдау үшін жедел желі нөмірлерін жариялады. Егер сіз әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз көтерілу фактілерін байқаған жағдайда, Нұр-Сұлтан қ. телефондарына хабарласуды сұраймыз (87172) 74-96-64, 74-34-01, 74-31-26, 74-90-52 (қоңырау қабылдау Нүр-Сұлтан уақытымен сағат 9.00. - 18.30), ұялы телефон номері 8705 2312423, 8776 4588885, 8708 8830262, 8701 3696128 (қоңырау қабылдау Нүр-Сұлтан уақытымен сағат 22.00 дейін).

Өз кезегінде, Агенттік әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіретін және өткізетін нарық субъектілеріне бағаны негізсіз көтерген және ұстап тұрған жағдайда (бағалық келісім) және өндірісті негізсіз тоқтатқан жағдайда, және монополиялық жағдайын пайдаланып тауарларды негізсіз дефицит жасап, ҚР ӘБК-ң 159 бабы бойынша монополиялық іс-қимыл арқылы тапқан табысы үшін кіші және орты бизнес кәсіпкерлеріне 3% айыппұл, ірі бизнес өкілдеріне 5% айыппұл салынатынын хабарлайды.

Өзгелердің жаңалығы