Азық-түлік саяси құралға айналмауы керек - Ерлан Байдәулет

14 Шілде 2023, 13:00
966
Бөлісу:
Азық-түлік саяси құралға айналмауы керек - Ерлан Байдәулет
Фото: автордан

Бұл туралы «Өзгермелі әлемдегі Азия: болашақтың күн тәртібі» форумында Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының бас директоры Ерлан Байдәулет айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Азық-түлік қауіпсіздігін басқару өте өзекті мәселе. Азық-түлік индустриясы барынша сыни бола түсіп отыр. Өйткені оны тасымалдау мәселесі бар. Азия құрлығында ресурстар жеткілікті. Елдеріміздің көшбасшылары ресурстар, әлеует жөнінде сөз қозғап жүр. Оның бәрі бізде бар. Адами капитал, табиғи ресурстарға да басты назар аударған жөн. Ал қаржылық жағы бізде толықтай нысаналы пайдаланылмай жатыр, - деп ойын ортаға салды сарапшы форумда.

Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының бас директоры Ерлан Байдәулет азық-түлікті саяси құралға айналдырмау керегін айтты.

Азық-түлік саяси құралға айналмауы керек. Өкінішке қарай, азық-түлік саяси манипуляцияға айналып отырғанын көріп отырмыз. Бірақ менің ойымша, ол саясаттан тысқары болуы керек, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы