Азық-түлік пен дәрі-дәрмек бағасына мониторинг жүргізетін платформа іске қосылды

26 Желтоқсан 2020, 09:45
1656
Бөлісу:
Азық-түлік пен дәрі-дәрмек бағасына мониторинг жүргізетін платформа іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР сауда және интеграция министрлігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік пен дәрі-дәрмек бағаларына мониторинг және талдау жүргізу платформасын іске қосты.

Derekhub.kz  платформасы ол әртүрлі көздерден баға туралы ақпарат жинауды қамтиды. 

Бірінші кезеңде біз барлық сауда объектілерін (үй жанындағы дүкендер мен сауда желілері) порталда өз сөрелеріндегі ӘМАТ бағасы туралы ақпаратты өз бетінше орналастыруға шақырамыз. Әрбір сауда нүктесі өзінің жеке кабинетін алып, жүйеге өз бетінше тіркеледі. Және кейіннен тауарға ең төменгі бағаның және оның бар екендігін көрсете отырып, 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларынан нысанды толтырады, - Сауда министрлігінің Ішкі сауда департаменті директорының орынбасары Ерлан Ешназаров.  

Толтырылған деректер автоматты режимде талданады және бағаның өзгеру динамикасын бақылауға мүмкіндік береді. 

Мұндай платформаның идеясы пандемия кезінде қалыптасты. Биылғы жылы тауарлар мен дәрі-дәрмектердің күрт және айтарлықтай қымбаттауына байланысты көктемде бүкіл ел бойынша бірқатар тауарлардың шекті бағалары енгізілді, қазір кейбір аймақтарда шекті бағалар белгіленіп жатыр. Бірақ бағаның белгіленген шекте ұсталуын тексеру үшін әкімдіктер ішінара тексерулер жүргізуі қажет. Мұндай жүйенің болуы бағаны қашықтан бақылауға мүмкіндік береді, - деді Ерлан Ешназаров. 

ҚР Сауда және интеграция министрлігінде хабарлағандай, Мемлекеттік кірістер комитетінің салық қызметтерінің ақпараттық жүйелерімен Derekhub.kz. платформасын біріктіру жоспарлануда. Бұл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға белгілеу туралы барынша толық көріністі талдауға мүмкіндік береді. 

Derekhub.kz платформасы сондай-ақ, жүйеде тіркелген және әлеуметтік маңызы бар тауарлардың құны мен қорлары туралы ақпаратты толтыратын компаниялар үшін бірқатар қызметтерді ұсынады. 

Осылайша, платформаға қатысушы компаниялар құқықтық мәселелер бойынша бизнесті қолдаудың тегін жедел желісіне, бұлтты фискалдық құралға және Dosmart адалдық картасына тегін жазылымға, Альфа Банктен кепілсіз несие өнімдеріне және төлем құралдарына қол жеткізе алады. Бұдан басқа, компаниялар сондай-ақ ӘМАТ-тың нарықтық бағалары бойынша тұрақты талдамалық есептерге қол жеткізе алады.

Өзгелердің жаңалығы