Қазығұрттық кәсіпкер екі отбасыға баспана сыйлады

25 Желтоқсан 2019, 00:52
5332
Бөлісу:
Қазығұрттық кәсіпкер екі отбасыға баспана сыйлады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Қазығұрт ауданында жергілікті кәсіпкер туған жерге тағзым деп жаңа жыл қарсаңында екі жанұяға баспана сыйлады, деп хабарлады Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Көптен аңсаған армандары орындалып, баспаналы болғандар ішінде көпбалалы отбасы мен мемлекеттік қызметкер бар. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қуаныш иелерін аудан әкімі Төлеген Телғараев арнайы құттықтады. Қоныстой иелеріне шаңырақтың шаттығын тілеп, үй жиһаздарын сыйға тартты.

Жаңа тұрғын үй "Қазығұрт" шағын ауданынан бой көтерген. Төрт бөлмелі баспана су, табиғи газбен қамтамасыз етілген. Өз алдына 15 соттық жері бар, - делінген хабарламада.
Айта кетерлігі, ауданның жомарт жандарының бірі Сырым Ертаев өз қаржысына салып, тұрғындардың үйлі-жайлы болуына себепкер болып отыр.

 

Өзгелердің жаңалығы