Азия чемпионаты: Бибосынов пен Теміржановтың мақсаты - алтын алу

3 Қараша 2022, 13:41
2781
Бөлісу:
Азия чемпионаты: Бибосынов пен Теміржановтың мақсаты - алтын алу
PHOTO

2 қазанда үш қазақстандық былғары қолғап шебері Аммандағы Азия чемпионатында алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сессияда Серік Теміржанов пен Санатəлі Төлтаев өнер көрсетті. Алғашқысы 1/8 кезеңде түрікменстандық Ихлас Гылычжанды таза ұтты. Енді былтырғы Əлем чемпионатының күміс жүлдегері 6 қарашадағы ширек финалда жарыс қожайыны Юсеф Иашашпен күш сынаспақ. 

Ал Санатәлі Төлтаев (63,5 кг) пен Руслан Абдуллаев жекпе-жегі қазақ боксшысының пайдасына аяқталды. Бірақ Өзбекстан құрамасы сапындағы қандасымыз жарысты жалғастырады. 

Азия чемпионаты: Бибосынов пен Теміржановтың мақсаты - алтын алу

Осы тұста Азия чемпионатына Өзбекстан құрамасында тағы бір этникалық қазақ – Мадияр Саидрахимов келгенін айта кетейік.

Сəтін салып алғашқы кездесуде жеңдім. Қарсыласым осал емес. Техникасы жақсы, соққылары мығым. Бапкерлердің айтқанын екі етпей, жеңіске жеттім. Елге алтын медальмен оралуға барымды саламын, - деді Серік Теміржанов жекпе-жектен кейін.

Кешкі сессияда Əлем чемпионы Сəкен Бибосынов жанкүйерлерін қуантты. Десе де қарсыласы Кумар Спарш алғашқы раунда алға шыққан. Бірақ Сəкен қалған 2 раундта бар шеберлігін паш етті. Есеп: 4:1.

Азия чемпионаты: Бибосынов пен Теміржановтың мақсаты - алтын алу

Осы тұста бүгін тағы бір қазақстандық боксшы шаршы алаңға шықты. Қазір Бахрейн намысын қорғайтын Азат Махметов əлем чемпионы, жапон Томое Цубоидың осал тұсын таба алмады. 

Бапкерімнің бар айтқанын істей алмай, жиі қателестім. Былтырғы құрлық чемпионатында қола медаль алғанымды өздеріңіз білесіздер. Қазіргі мақсатым - жеңімпаз атану. Дегеніме жетіп, қазақ жанкүйерлерін қуантқым келеді, - деді Сəкен Бибосынов.

Ертең, 3 қарашада Ұлттық құраманың тек бір өкілі – 2 дүркін əлем чемпионы Назым Қызайбай сынға түседі. Ал барлық чемпион 13 қарашада белгілі болады.

Өзгелердің жаңалығы