Азия чемпионаты. Б тобында Моңғолия үздік шықты

18 Сәуір 2019, 11:35
2033
Бөлісу:
Азия чемпионаты. Б тобында Моңғолия үздік шықты
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Елбасы бастамасымен жарияланған Жастар жылы аясында Алматыда байрағын көтерген Жастар арасындағы І Азия чемпионатының үшінші күнінде де Моңғолия құрамасы жеңіспен бастады.

Азия чемпионаты. Б тобында Моңғолия үздік шықты

Көкпар бәсекесінде Б тобында ойнаған Моңғолия, Қытай, Ресей және Тәжікстан құрамалары арасында моңғолиялық тастақым жігіттердің жұлдызы жанды. Бұған дейін екі қарсыласын айқын басымдықпен ұтқан баянөлгийлік бауырларымыз, топтағы үшінші үзеңгілестері – Ресей құрамасынан да ат шоқтығын асырды. 

Азия чемпионаты. Б тобында Моңғолия үздік шықты

Ойынның алғашқы бөлігінде-ақ өлгейлік өрендер есепті 4:0-ге жеткізді. 

10 минуттық үзілістен соң көк серкеге қол салған сайыпқырандар тартысты ойын көрсете білді. Ресейлік бозымдардың тақымынан көкпарды тартып алып, шеңберге шиырған жастар көрермендердің делебесін қоздырды. 

Азия чемпионаты. Б тобында Моңғолия үздік шықты

Сонымен, моңғолиялық команданың жеңісімен аяқталған додада есеп 5:3-ке  тең болды.

Ақтық кездесуде Моңғолия мен Қазақстан ойнайды. 

Азия чемпионаты. Б тобында Моңғолия үздік шықты

Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысы, Талғар ауданына қарасты Панфилов ауылындағы "Байсерке" атшабарында "Жастар жылы" аясында Жастар арасында І Азия чемпионаты өтіп жатыр.

Чемпионатқа Қазақстан, Ресей, Қытай, Венгрия, Монғолия, Малайзия, Түркия, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан секілді жалпы жиыны 10 мемлекеттің спортшылары бақ сынауда.

Алғашқы Азия чемпионаты Көкпар, аударыспақ, теңге ілу және жамбы ату қатарлы төрт спорт түрінен өзара мықтыны анықтап жатқан сайыс 21 сәуір күні аяқталады.

Өзгелердің жаңалығы