Әзімова: Заңды құрметтемейтін қоғам зорлық-зомбылық пен жүйесіздікті туындатады

19 Маусым 2023, 12:54
1129
Бөлісу:
Әзімова: Заңды құрметтемейтін қоғам зорлық-зомбылық пен жүйесіздікті туындатады
Фото: Артём Чурсинов

Мұндай пікірді Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогының отырысында Конституциялық Соттың төрағасы Эльвира Әзімова айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Адам құқықтарының мәселесі және заң туралы айтатын болсақ, заңсыз қоғам – ол анархия. Заңды құрметтемейтін қоғам зорлық-зомбылық пен жүйесіздікті туындатады. IT технологиялар мен инновациялардың ұқсастығы неде? Бұл екі сала да адамға бағытталған. Адамды ортаға алу, әлеуметтік мәселелерді бірінші орынға қою осы екі саланы біріктіледі. Сондай-ақ бұл қоғам үшін өте маңызды, - деді ол.

Айтуынша, қоғам, мемлекет алдында үлкен жауапкершілікті сезінетінін атап өтті.

Мен жалпы Конституциялық Соттың қалай жұмыс істейтінінің үлгісімен. Барлық құжатқа қол қоятын төрағамын. Сондықтан үлкен жауапкершілікті сезінемін. 5 ай бойы жұмыс істеп келеміз. Өз тәжірибемізді жинақтап жатырмыз. Соның ішінде Орталық Азиядағы әріптестеріміздің де тәжірибесіне қараймыз. 114-тен астам ел осындай Конституциялық бақылау органын құрған. Біз әлемдік деңгейдегі тәжірибені де негізге аламыз, - деп айтты Әзімова.

Ол заңнама жасаушыларға қолдау көрсету керегін атап өтті. Әзімованың сөзінше, практикалық деңгейде қоданыстағы заңнамада өзекті емес нормаларды анықтау керек.

Қазіргі кезде қоғам өте жылдам дамып жатыр. Заманауи сын-тегеуріндер жаһандық сипатта ғана емес, өңірлік сипатта да көрініс тауып жатыр. Біз бұл жерде саяси сн-тегеуріндер туралы ғана айтып отырғанымыз жоқ. Отбасыда зорлық-зомбылық, қоғам үшін мәдениет мәселелері де өзекті. Біз тиісті заңнаманы жасауымыз керек, - деп айтты ол.

Эльвира Әзімова заң шығарушылар сын-тегеуріндерге уақытында жауап беруі қажет екенін жеткізді.

Отбасыда да, қоғамда да сен әйел, сен басшы, сен белгілі бір жауапкершілікті жүзеге асыратын адамсың. Әйел үшін бұл екі рөлді алып жүру қиын. Әйелдер өнертабыстар, жетістіктер әлеуметтік тұрғыдан тиімді болғанын, адамдарға бағытталғанын қалайды, - дейді Конституциялық Соттың басшысы диалог отырысында.

Елордада Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогы «Инновациялар мен технологияларды дамытудағы әйелдердің рөлі» тақырыбында өтіп жатыр.

Еске сала кетейік, биыл Қазақстан Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогына төрағалық етеді.

Өзгелердің жаңалығы