Әзімова Алматыда ұсталған адамдардың көбі қарапайым, ұрлық жасаған адамдар екенін айтты 

17 Қаңтар 2022, 18:29
1228
Бөлісу:
Әзімова Алматыда ұсталған адамдардың көбі қарапайым, ұрлық жасаған адамдар екенін айтты 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Әзімова ОКҚ  брифингіне Шымкенттен онлайн байланыста қосылды. 

Қаңтар айындағы оқиғалар Қазақстан мен әлемдік қауымдастықты дүр сілкіндірді. Тәртіпсіздіктерден әскери қызметкерлер мен полиция ғана емес бейбіт тұрғындар да қаза тапты. Болған оқиға әрқайсымыз үшін сабақ болуы керек. Қазақстан Президенті ұсталған азаматтарға нақты айтты: «ауыр қылмыс жасағандар қатаң жазаланады». Басқалардың кінәсін Бас прокуратура анықтап, тексере отырып, жазаны жеңілдету жөнінде шаралар қабылдайды. Кінәсіз адамдар босатылады, - деді Әзімова.

Ол атағандай, лаңкестер мен тонаушыларды бейбіт митингіге қатысқан тұрғындарды нақты ажырату қажет.

Біз уақытша ұстау изоляторына барған кезде кейбір азаматтармен сұхбаттастық. Оның барысында бізге «біз өз азаматтық жауапкершілігімізді аяғына дейін сезбедік, біз Қазақстан халқынан кешерім сұрауға әзірміз» деді. Алматыда тергеу изоляторы мен уақытша изоляторға барған кезде көбі  қарапайым адам, көбі ұрлық үшін ұсталған. Оларға нақты назар аудару керек. Бұл Бас прокуратура мен жергілікті прокуратуралардың міндеті, - деді Эльвира Әзімова.

Әзімова 11 өңірдегі 34 мекемені аралап шыққанын айтты.

Осындай мекемелерге бару шараларын жалғастырамыз. Себебі бұл бізге де қажет дүние. Прокуратура қатыгездік туралы барлық сигналды тексеріп, оларға құқықтық баға беруі керек. Ол жұмыстарды жариялауы керек. Мұндай тәсіл бейтараптық негіз болып есептеледі, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы