Азиада: қазақстандық шаңғышының қоласы күміске айналды

Бүгiн, 16:09
294
Бөлісу:
Азиада: қазақстандық шаңғышының қоласы күміске айналды
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Қазақстандық шаңғышы Константин Борцов Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарының күміс жлдегері атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шаңғымен сырғанаудан ерлер арасындағы қысқа қашықтық жарысында, қазақстандық Константин Борцов 2 минут 58.28 секунд нәтиже көрсетіп, үшінші орыннан көрінген еді. Алайда, төрешілер екінші келген жапондық спортшының ереже бұзғанын анықтап, жарыс нәтижесінің күшін жойды.

Осылайша отандасымыздың қола жүлдесі күміс медальға өзгерді.

Тағы бір қазақстандық Олжас Климин төртінші орыннан көрінді.

Айта кетейік, бұл - Қазақстан құрамасының Харбиндегі қысқы Азиадада жеңіп алған үшінші күміс медалы.

Осыған дейін шорт-тректен Қазақстан командасы аралас эстафедан (2000 метр) күміс медаль жеңіп алған еді.

Сондай-ақ, Евгений Кошкин конькимен жүгіруден екінші күміс алды.

Өзгелердің жаңалығы