Азиада - 2026: Алуа Балқыбекова қола медаль иеленді

30 Қыркүйек 2026, 10:35
АВТОР
 Туризм және спорт министрлігі 30 Қыркүйек 2026, 10:35
30 Қыркүйек 2026, 10:35
118
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында бокстан жартылай финалдық жекпе-жектер өтіп жатыр. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады.

2 дүркін әлем чемпионы, 51 келідегі Алуа Балқыбекова 1/2 финалда Вьетнам спортшысы Зи Там Нгуенмен жұдырықтасты. 3 раундқа жалғасқан айқаста төрешілер қарсыласты жеңімпаз ретінде таныды. Есеп: 0:5.

Айта кетейік, отандасымыз өз мансабында алғаш рет Азиадаға қатысты.

Алда әлі Наталья Богданова (75 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі) шаршы алаңға шығады.

Айта кетейік, бұған дейін Елдос Сметовтің Азиадада жартылай финалға шыққаны хабарланды.

Наверх