Азиада-2023: Отандық палуан ел қоржынына 1 күміс медаль салды

4 Қазан 2023, 16:34
573
Бөлісу:
Азиада-2023: Отандық палуан ел қоржынына 1 күміс медаль салды
Фото: Тұрар Қазанғапов

Мейіржан Шермаханбет - Грек-рим күресінен Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР Туризм жəне спорт министрлігінің ресми telegram-каналына сілтеме жасап.

Грек-рим стиліндегі қазақстандық палуан Мейіржан Шермаханбет Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарының күміс медалін жеңіп алды. 

67 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда біздің отандасымыз тартысқа толы бәсекеде жапондық Катсуаки Эндодан есе жіберді. 

Айта кету керек, бұл XIX жазғы Азия ойындарындағы Қазақстан құрамасының он бірінші күміс медалі.

Өзгелердің жаңалығы