Бүгін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Ұлытау облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өңірде ведомство басшысы Сәтбаев қаласындағы қалалық аурухана мен емхананың жұмысымен танысуды, Жезқазған қаласындағы облыстық көпбейінді ауруханаға барып, медицина қызметкерлерімен кездесу өткізуді жоспарлап отыр
Келесі күні министр халықпен кездесу өткізіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, брифингте БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап береді.