Қасқырлар Әзербайжанның Барда өңіріндегі жеке шаруашылықтардың біріне шабуыл жасаған.
Oхu.Az басылымының Teleqraf-қа сілтеме жасап хабарлауынша, оқиға ауданның Имамгулубайли ауылында тіркелген.
Қасқыр ауыл тұрғыны Мұрад Мұстафаевқа тиесілі фермаға шабуыл жасап, салдарынан 50-ге жуық ұсақ мал қырылған.
Бұл жағдай ауыл тұрғындарының алаңдаушылығын тудырды. Олардың айтуынша, соңғы уақытта бұл аймақта жабайы аңдардың саны көбейген.
Қазіргі таңда тиісті органдар оқиғаға байланысты тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.