2026 жылдың алғашқы төрт айында Әзербайжанға 658,5 мың турист келген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,5%-ға аз көрсеткіш.
Бұл туралы Әзербайжан парламентінің депутаты Вугар Байрамов мәлімдеді.
Оның айтуынша, туристік ағынның төмендеуіне сыртқы факторлармен қатар, саладағы жүйелі мәселелер де әсер еткен. Қазір елге келетін туристердің басым бөлігі екі мемлекетке ғана тиесілі. Атап айтқанда, келген әрбір 100 туристің 27-сі Ресейден, 22-сі Түркиядан барған. Мұндай тәуелділік туризм саласын осы нарықтардағы кез келген өзгеріске осал етеді.
Депутат әсіресе Үндістаннан келетін туристер санының күрт азайғанына назар аударды. Былтыр алғашқы төрт айда үндістандық туристер жалпы ағынның 11%-ын құраса, биыл бұл көрсеткіш 3%-ға дейін төмендеген.
Сондай-ақ Парсы шығанағы елдерінен келетін туристер саны 27,8%-ға қысқарған. Байрамов мұны өңірдегі әскери-саяси жағдаймен байланыстырды.
Сонымен қатар Еуропалық одақ елдерінен келген туристер саны 17,1%-ға, ТМД мемлекеттерінен келгендер 3,5%-ға артқан.
Депутаттың пікірінше, туристік инфрақұрылымды дамыту және баға саясатын қайта қарау қажет. Оның айтуынша, Бакуде ғана емес, өңірлерде де туристік қызметтердің бағасы жоғары болып отыр, бұл елге келетін және ішкі туристер санына кері әсерін тигізуде.