Әзербайжандағы сайлау. Билік партиясы 70 мандатқа ие болды

10 Ақпан 2020, 17:31
1323
Бөлісу:
Әзербайжандағы сайлау. Билік партиясы 70 мандатқа ие болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Басқа партияларға бар болғаны 55 орын қалады. 

Әзербайжанда билік жүргізетін партия жаңа парламенттегі 125 орынның 70-ке жуығын иеленді. 

Әзербайжанның Орталық сайлау комиссиясы 125 сайлау округінен жиналған дауыстардың алдын ала қорытындысын шығарды. Қазіргі дауыс беру нәтижелеріне қарағанда, биліктің "Жаңа Әзербайжан" партиясы жаңа парламентте 70-ке жуық орынды алмақ.

Елдегі кезектен тыс сайлау жексенбі күні өтті. Оған сайлаушылардың 47,81% қатысты. 4823 саулау учаскелерінен жиналған  хаттамалардың 87% ашылғанда, ел президенті Ильхам Алиев басқаратын "Жаңа Әзербайжан» партиясы республика парламентіндегі 125 орынның 65-ін алып отырған еді.

Ал, дүйсенбі Орталық сайлау комиссиясының 125 сайлау учаскелерінен жиналған дауыстары саналды. Бұл деректерге сүйенсек, биліктегі "Жаңа Әзербайжан" партиясының үлесі – 70-ке жуық орынды құрап отыр.

Өзгелердің жаңалығы