Әзербайжан президентінің аккаунттарына хакерлік шабуыл жасалды: Ресми мәлімдеме жарияланды

Ильхам Әлиевтің әлеуметтік желідегі парақшалары кибершабуылға ұшырады. Қазір тиісті органдар қандай шара қабылдап жатыр?

 APA 16 Қараша 2026, 18:09
16 Қараша 2026, 18:09
83
Фото: APA

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің әлеуметтік желідегі аккаунттарына кибершабуыл жасалып жатыр. Қазіргі уақытта тиісті мемлекеттік органдар шабуылдардың жолын кесу және оқиғаны тергеу бойынша қажетті шараларды қабылдауда. Бұл туралы Әзербайжан президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта мемлекет басшысының әлеуметтік желідегі аккаунттарына бағытталған кибершабуылдар тіркеліп отыр.

Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің әлеуметтік желілердегі аккаунттарына кибершабуылдар жасалып жатыр. Тиісті құрылымдар бұл шабуылдардың жолын кесуге және оларды тергеуге бағытталған қажетті шараларды қабылдауда, – делінген ресми хабарламада.

Әзірге кибершабуылдардың қайдан жасалғаны, оған кімдердің қатысы бар екені және президенттің аккаунттарына қандай да бір залал келгені туралы қосымша ақпарат жарияланған жоқ.

Наверх