Әзербайжан Премьер-министрі: Каспийдің тартылуымен күресу үшін күш біріктіру керек

Әзербайжан премьер-министрі экология және климат мәселесіне тоқталды

Бүгiн 2026, 14:31
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Виктор Федюнин Бүгiн 2026, 14:31
Бүгiн 2026, 14:31
90
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Виктор Федюнин

Әзербайжан премьер-министрі Али Асадов Астанада өтіп жатқан RES 2026 экологиялық саммитінде Каспий теңізі деңгейінің төмендеуіне алаңдаушылық білдіріп, өңірлік ынтымақтастықты күшейту қажеттігін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Асадовтың айтуынша, экология мен климаттың өзгеруі қазіргі таңда тұрақты даму күн тәртібінің негізгі бағытына айналған.

Климаттың өзгеруі, тұщы су тапшылығы және су ресурстарына түсетін жүктеменің артуы - жаһандық сын-қатерлердің бірі, - деді Али Асадов.

Оның сөзінше, өңір үшін ең өзекті мәселелердің бірі - Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі.

Каспий теңізінің тартылуы - алаңдатарлық үрдіс. Бұл мәселені шешу үшін прикаспий мемлекеттерінің өзара іс-қимылын күшейту қажет, - деді ол.

Осыған байланысты Әзербайжанның бастамасымен Қазақстан, Ресей және Түрікменстан қатысатын бірлескен жұмыс топтары құрылған. Олар теңіз деңгейінің төмендеу себептерін зерттеп, нақты ұсыныстар әзірлеуде.

Премьер-министр климат өзгерісінің Каспий теңізіне әсерін де атап өтті.

Климаттық факторлар теңіз деңгейінің төмендеуіне тікелей ықпал етуде, - деді ол.

Асадовтың айтуынша, Әзербайжан экологиялық саясатты жүйелі түрде жүргізіп, «жасыл» энергетикаға көшуді жеделдетіп отыр. Елде жаңартылатын энергия көздерін дамытуға және «жасыл аймақтар» құруға басымдық берілген.

Сонымен қатар COP29 өткізу тәжірибесі халықаралық климаттық күн тәртібін ілгерілетуге мүмкіндік бергені атап өтілді.

Әзербайжан Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында халықаралық су ұйымын құру бастамасын қолдайтынын білдірді.

Наверх