Азат Перуашев: Қазақстан Ресейге санкцияларды айналып өтуге көмектесіп жатыр ма?

3 Мамыр 2023, 16:14
2485
Бөлісу:
Азат Перуашев: Қазақстан Ресейге санкцияларды айналып өтуге көмектесіп жатыр ма?
Фото: ҚР Парламенті Мәжілісі

Депутат Азат Перуашев Премьер-министр Әлихан Смайыловты Ресейге салынған санкцияларды айналып өтуге жәрдемдесіп жатқан қазақстандық компаниялар туралы ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, Қазақстаннан Ресейге бағытталған электроника экспорты 22 есеге күрт артқан. Мұндай жағдай өз кезегінде халықаралық әріптестер арасында күмән туғызып жатыр.

Шетелдіктер санкциялық өнімдердің саудаланып жатқанын үшінші елдер арқылы "параллель импорт" пен жалған транзит схемалары арқылы жасырын қайта экспорттау тәжірибесімен байланыстырады. Себебі Еуропадан келген тауар, тіпті, біздің елге жетпей, жарты жолда ресейлік компанияларға "қайта сатылып кетіп жатыр", - деді депутат.

Осыдан кейін ол Үкімет басшысына сауал жолдады.

Біздің Үкімет Ресеймен сауда барысында халықаралық санкциялардан сақтану үшін қандай нақты шаралар қолданып жатыр? Мысалы отандық кәсіпкерлерге санкциялар салынған тауарлар тізбесі таныстырылды ма? Бұл жерде екі ел арасындағы сауда көлемі мен экономикалық байланыстарының ауқымын ескеру қажет, - деп сұрады Азат Перуашев.

Өзгелердің жаңалығы