Қазаннан бастап барлық процессуалдық шешім электронды түрде қабылданады

8 Қыркүйек 2020, 13:45
2127
Бөлісу:
Қазаннан бастап барлық процессуалдық шешім электронды түрде қабылданады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазаннан бастап барлық процессуалдық шешім электронды түрде қабылданады, деді ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да қылмыстық салада жеке адамның құқықтарын қорғауды күшейту бойынша Президент Жолдауын іске асыру бойынша өткен онлайн конференциясында айтты.

Президенттің тапсырмасына сәйкес, азаматтардың қылмыстық процесте құқықтарын қорғау бойынша жасалып отырған жағдай. Кеше Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов іс-сапармен Павлодар облысына барып келді. Процесуалдық шешімдер тек қана электрондық түрде қабылдау мәселесін қарады. Барлық процессуалдық шешімдер тек қана электронды түрде қабылдау мәселесі қаралды. Президент Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша, 1 қазаннан бастап азаматтардың құқығына зардап әкелетін барлық процессуалдық шешімдер электрондық түрде қабылданады, - деді ол. 
Ахметжанов атағандай, оны қадағалайтын прокурор да, қорғаушы да баға бере алады. 
Қандай да бір заң бұзушылық көрініп тұрса, заңсыздықты прокурорлық қадағалаумен жоюға мүмкіндік береді,  - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы