Азаматтық авиация академиясына түсушілер саны артты - Саясат Нұрбек

31 Тамыз 2023, 09:38
1005
Бөлісу:
Азаматтық авиация академиясына түсушілер саны артты - Саясат Нұрбек
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Азаматтық авиация академиясы 2023 жылғы қабылдау науқанының қорытындысын шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Азаматтық авиация академиясына түсушілер саны екі еседен астам өсіп, 750 адамды қамтыды, олардың 498-і грантқа ие болды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жазды.

Салыстыру үшін айта кетейік, өткен жылы Академия 338 үміткерді қабылдап, оның 185-і грант иегерлері болды. Жалпы, университет тілек білдірушілерден 3000-нан астам өтініш қабылдады, осылайша жалпы конкурс бір орынға 4 адамды құрады. Ұшқыш – университеттің дәстүрлі танымал мамандығы, іріктеудің жоғары критерийлеріне қарамастан, конкурс бір орынға 7,5 адамды құрады. Биыл техникалық мамандықтарға қатысты ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауы ерекше. Академия инженерлік мамандықтардың беделінің артқанын атап өтеді. Жалпы алғанда, Академияға қабылдау 14 білім беру бағдарламасы бойынша жүзеге асырылды, - деп жазды ол.

Биыл университетте білім алғысы келетін шетел азаматтарының легі бар, 26 адам 1 курс студенті атанды. Нигериядан 8 адам инженерлік мамандықтарға, Түркия, Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей азаматтары да түрлі мамандықтарға түсті.

Өзгелердің жаңалығы