Литва мен Қазақстан Республикасының үкіметаралық комиссиясының хаттамасы аясында Еуропадағы ТОП 3 авиациялық оқу орталықтарының бірі болып табылатын Азаматтық Авиация Академиясы мен BAA Оқу авиация академиясы арасында халықаралық авиацияны қолдау бойынша серіктестік туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Академия 2025 жылы өтетін Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігінің (EASA) сертификаттауына дайындалуда.
Avia Solution Group құрамына кіретін BAA Training компаниясымен екі жылдық келісім-шарт бойынша EASA белгілеген стандарттарға сәйкес оқу бағдарламаларын, нұсқаулықтарды және басқа да құжаттарды әзірлеуге жауапкершілік алады. Сонымен қатар, орталықта Академия қызметкерлеріне EASA белгілеген хаттамалар мен ережелер бойынша оқыту ұйымдастырылады.
Осы Келісім бойынша жұмыс нәтижесі ұшқыштарды оқыту үшін EASA, ATO, SIM және Part-FCL сертификаттарын алу болып табылады. «EASA сертификатын алу халықаралық деңгейде мойындалған стандарттарға сәйкес келетін авиациялық білім беру қызметтерін экспорттау мүмкіндігін ашады, сонымен қатар қазақстандық әуе компаниялары да Академия базасында ұшқыштарды оқытып, біліктілігін арттыра алады.
Еуропалық стандарттар талаптарына жауап беру – жауапты процесс, біз BAA Training тәжірибесі мен ноу-хауы 2025 жылға қарай EASA сертификаты бар ұйым болу мүмкіндігін арттырады және Академияның авиациялық білім беру қызметтері нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттырады, - деп бөлісті Азаматтық Авиация Академиясының ректоры Б.К. Сейдахметов.
Сонымен қатар, серіктестік келісімі Академияға Вильнюстегі (Литва) және Лейда провинциясында (Испания) BAA оқу ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Біз салалық біліммен бөлісе алатынымызға және Қазақстанның Азаматтық авиация академиясына академияның халықаралық нарықтарға есігін ашатын EASA сертификатын алуға дайындалуға көмектесе алатынымызға өте қуаныштымыз, - деп атап өтті Avia Solution Group даму жөніндегі директоры Вигаудас Ушацкас.