Азаматты жергілікті «военкоматқа» тіркеу автоматтандырылады

1 Наурыз 2023, 15:51
861
Бөлісу:
Азаматты жергілікті «военкоматқа» тіркеу автоматтандырылады
Фото: Tengrinews.kz

Жергілікті әскери комиссариатқа тіркеуге тұру жұмысы жеңідетілмек. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Азаматтар мекежайын ауыстырғанда сол жердегі әскери бөлімге барып тіркеуге тұруы қажет. Ол үшін алдымен, өзі тіркеуде тұрған әскери комиссариаттан шығуы тиіс. Бұл жұмыстар біраз уақыт алады. Сол себепті біз деректер базасынан оның мекенжайын ауыстырғанын біле отырып, әскери комиссариат автоматты түрде ауыстыратын болады. Бұл жұмыстар техникалық тұрғыда жүргізілді, – деді ол ОКҚ-да өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін биыл шілдеге дейін 18 азамат әскери қызметке шақырылатынын жазған едік. 

 

Өзгелердің жаңалығы