Азаматтарға арналған үкіметке - 7 жыл: Сандар сөйлесін

7 Сәуір 2023, 21:30
990
Бөлісу:
Азаматтарға арналған үкіметке - 7 жыл: Сандар сөйлесін
Фото: egov.kz

Мемлекеттік корпорация арқылы 7 жыл ішінде 271 млн қызмет көрсетілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін Мемлекеттік корпорацияның құрылғанына 7 жыл толып отыр. «Азаматтарға арналған үкімет» осы уақыт ішінде 271 млн мемлекеттік қызмет көрсетті.

Айта кетейік, өткен жылы ең көп сұранысқа иә болған қызметтер түрі:

  • ЭЦҚ кілтін беру - 4 424 042 қызмет;
  • Қазақстан Республикасының азаматтарына төлқұжаттар мен жеке куәліктер беру - 2 350 470 қызмет;
  • автокөлік құралдарын тіркеу - 2 316 680 қызмет;
  • жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) тіркеу - 1 200 232 қызмет;
  • жүргізуші куәлігін беру - 1 101 445 қызмет.

Мемлекеттік корпорация азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету кезінде неғұрлым қолайлы жағдайлар жасау мақсатында көптеген жобаларды енгізуде.Олардың ішінде постамат құрылғысы, құжаттарды жеткізу қызметтері, цифрлық ипотека сияқты жобаларды атап өтуге болады. 

Сондай-ақ 1414 желісінде мемлекеттік қызметтер бойынша сұрақтарға 24/7 уақытта консультациялық қолдау көрсететін робот енгізілді. Сонымен қатар Астанада биыл пилоттық жоба ретіндеқұжаттау терминалы іске қосылды. Бұл жобаның ерекшелігі өтінімді 10 минуттың ішінде рәсімдеуге мүмкіндік береді, - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2016 жылдың 7 сәуірінде 4 республикалық мемлекеттік кәсіпорынды біріктіру жолымен құрылған. Бүгінгі таңда ол мемлекеттік қызметтердің бірыңғай провайдері болып табылады. Қазіргі уақытта Мемлекеттік корпорация арқылы 1233-ке жуық қызмет түрі көрсетіледі.

Өзгелердің жаңалығы