Азаматтардың жеке деректерін қорғау мәселесі маңыздылығын арттырды – вице-министр

29 Қазан 2021, 12:04
2592
Бөлісу:
Азаматтардың жеке деректерін қорғау мәселесі маңыздылығын арттырды – вице-министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек Kazakhstan Security System аясында өткен республикалық конференция барысында айтты.

Біз бүгін тек кәсіби қауымдастықты ғана емес, әрбір азаматты толғандыратын мәселені талқылап отырмыз. Азаматтардың жеке деректері барлығының қашықтан жұмысқа кетуіне байланысты және цифрлық технологиялардың рөлінің артуына байланысты одан да маңызды әрі осал бола түсті. Біздің мақсатымыз – азаматтардың деректерін қорғау үшін тетіктерді жетілдіру, - деді ол.

Оразбек атағандай, бизнес пен нарыққа қандай көмек көрсетуге болатынын ойлау керек.

Бізге мемлекеттік реттеуші орган ретінде кәсіби қауымдастықтың мақсаты мен міндетін білу, ескеру маңызды. Реттеу тарапынан сіздер де бір көмек көрсете алатын шығарсыздар. Біз осыған дейін сияқты барлық ұсынысқа ашықпыз, - деді Асхат Оразбек.

Айта кетейік, Kazakhstan Security System аясында өткен республикалық конференция екінші күн қатарынан өтіп жатыр. Алғашқы күні терроризмге қарсы күрес мәселелері талқыланды.

Өзгелердің жаңалығы