Азаматтардың өтініштері конституциялық іс жүргізуге қабылданды

26 Қаңтар 2023, 16:00
783
Бөлісу:
Азаматтардың өтініштері конституциялық іс жүргізуге қабылданды

Бүгін Төраға Эльвира Әзімованың төрағалығымен Конституциялық Соттың азаматтардың өтініштерін конституциялық іс жүргізуге қабылдау жөніндегі отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Конституциялық Соттың күн тәртібінде Салық кодексінің, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның нормаларының, сондай-ақ Қылмыстық-процестік кодекстің ережелерінің Конституцияға сәйкестігі мәселелеріне қатысты азаматтардың 3 өтініші қаралды, - делінген Конституциялық Соттың телеграмдағы арнасында.

Осы өтініштерді талқылау барысында Конституциялық Сот судьялары бірауыздан дауыс беріп, оларды конституциялық іс жүргізуге қабылдау туралы шешім қабылданды.

«Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Конституциялық заңға сәйкес материалдарды дайындау жұмыстары басталды.

Өзгелердің жаңалығы