Әскерге өз еркімен барамын дейтін азаматтар саны өсіп келеді

13 Сәуір 2019, 11:56
6361
Бөлісу:
Әскерге өз еркімен барамын дейтін азаматтар саны өсіп келеді
PHOTO

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Өз еркімен әскерге барамын деген азаматтар саны жылдан жылға өсіп келеді. «Отан үшін отқа түс – күймейсің» деген Бауыржан батырдың ұлағатты сөзі әрбір жастың жүрегінен орын тауып жатыр десек болады. Бұл туралы Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департамент баспасөз қызметінің басшысы Кристина Новикова сұхбаттасу кезінде айтты.

Әскерге өз еркімен барамын дейтін азаматтар саны өсіп келеді

Оның айтуынша, жастар арасында Қазақстан әскеріне деген қызығушылық артып келеді. Өз еркімен әскерге барамын дейтіндер қатары да көбейген. Жалпы Алматы қаласынан жылына 2000-нан астам азамат мерзімді әскери борышын өтеуге аттанады екен.

«2019 жылдың көктемгі әскерге шақырту науқаны бойынша Алматы қаласынан 1 200 -ге жуық азамат әскерге аттанады. Қазақстан Республикасының Қарулы күштері мен басқа да күштік құрылымдарға 18-27 жас аралығындағы азаматтар шақырылады», - деді Кристина Новикова.

Сонымен қатар ол, әскерге шақырылғандар арасында жарамай қалғандары аз болғанын және бозбалалардың көп жағдайда не себепті өтпей қалып жататынын айтып өтті.

Әскерге өз еркімен барамын дейтін азаматтар саны өсіп келеді

«Денсаулығына байланысты тексерістен өте алмай қалған азаматтар көбінесе көз аурулары, бас миы қан қысымының жоғарлауы және хирургиялық ауруларға байланысты болып жатады. Жалпы, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінде немесе басқа да әскери құралымдарда қызмет ету үшін денсаулық жағдайы талаптарына сәйкес өте алмай қалған азаматтар үшін емделуге 3 айдан 1 жылға дейінгі мерзім беріледі. Емделгеннен кейін аталған азаматтар қайта медициналық тесерістен өтіп, егер жараса әскерге жеберіледі», - дейді ол.             

Алматы қаласы бойынша бозбалаларды көктемгі әскери науқанға шақырту жұмысы қаңтар айынан басталыпты. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру – ҚР Президентінің Жарлығы және ҚР Үкіметінің қаулысы негізінде жылына екі рет өтеді. Сондай-ақ, азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру пунктеріне келуі туралы хабар етуді - тұрғылықты жерлер бойынша жергілікті әскери басқару органдары шақырту қағазымен немесе жұмыс (оқу) орны бойынша ұйым басшылары қолдарын қойғыза отырып жүргізеді екен.

«Әскерге шақырту кезіндегі зерделеу жұмыстары 2 кезеңнен тұрады. Бірінші кезең - алдын ала зерделеу жолымен әскерге шақырылушылармен және олардың ата-аналарымен, сондай-ақ, ол жұмыс жасайтын немесе оқитын жұмыс орындары немесе оқу орындары өкілдерімен жеке ісі тексеріліп, әңгімелесу арқылы жүргізіледі. Сөйтіп, жеке әңгімелесу барысында шақырылушының моральдік сапасына, денсаулығына, дене дайындығына, білім жағынан дайындығына, отбасы жағдайына мән беріледі. Жалпы, әскерге шақырылушаларды сапалы зерделеу үшін тиісті жұмыстар ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті мен ҚР Ішкі істер, Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау органдары өкілдерімен бірге жүргізіледі. Екінші кезең - іс жүзінде атқарылады. Демек, мұнда әскерге шақырылушылар қалалық және аудандық, медициналық комиссиядан өтеді. Содан кейін олардың қандай әскери бөлімдерге баратындығы анықталады. Бұл ретте, әскерге шақырылушыларды медициналық куәландыру тәртібі мен медициналық комиссия құрамы Әскери дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес айқындалады», - деді Кристина Новикова.

Әскерге өз еркімен барамын дейтін азаматтар саны өсіп келеді

Алматы қаласы жергілікті әскери басқару органдарымен жылына 5 мыңға жуық азаматтың материалы зерделенеді екен.

Жастарға патриоттық тәрбие беру тұрғысында атқарылып жатқан іс-шаралар да өз нәтижесін бере бастаған. Соңғы жылдары Отан алдындағы борышын өтегісі келетін жастардың қарасы көбейген.

«Мұның барлығына жастардың патриоттық сезімін оятатын іс-шаралардың көптеп өткізілуі себепші болып отыр десем артық болмас. Мәселен, жастар арасында«Айбын» әскери патриоттық жиыны және Алматыда жыл сайын «Сарбаз рейс» атты әскери спорт ойындары да өз үлесін қосуда. Осыған қоса әскерге дейінгі және әскерге шақырылушы жастар арасында әскери қызметті насихаттау, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің беделі мен мәртебесін арттыру мақсатында «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдердің әскери-патриоттық қозғалысы» РҚҰ құрылған. Алматы қаласы бойынша 204 - жалпы білім беретін мектепті қоса алғанда 262 «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубтары бар. Аталған клубқа 64738 жас тартылған. «Отан үшін отқа түс - күймейсің» деген Бауыржан батырдың ұлағатты сөзі әрбір жастың жүрегінен орын тауып жатыр десек болады», деді қорғаныс өкілі.

Қорғаныс Министрлігі ұйымдастырып жүрген әскери шерулер де зор үлесін қосуда екен. Сондай-ақ елімізде оқу жаттығу орталықтары да көптеп ашылып жатқан көрінеді.

Әскерге өз еркімен барамын дейтін азаматтар саны өсіп келеді

«Әскерге бару - әр азаматтың борышы. Шынымды айтсам , қазіргі қазақстандық сарбаздардың қарындары-тоқ, көйлектері көк. Еліміз сарбаздардың жағдайын жасап отыр. Ал әскери доктрина талаптары қазақ әскерлерінің бүгіні мен болашағын айқындап береді. Мәселен, қазір әскерге барғандардың көбі келісімшартпен қалып қойып жатыр. Яғни, бір жыл ел алдындағы міндетін атқарған соң, әрі қарай жұмыс істеп, күнін көріп кетіп жатыр. Бұл да әскерге барушыларға беріліп отырған мүмкіндік, басымдықтың бірі деп айтар едім», - деді К. Новикова.

 

 

 

Өзгелердің жаңалығы