Азаматтар өзін банкрот деп жариялайтын рәсім жеңілдетіледі

6 Наурыз 2024, 12:27
343
Бөлісу:
Азаматтар өзін банкрот деп жариялайтын рәсім жеңілдетіледі

Азаматтардың кредиттер бойынша банкроттық рәсіміне қолжетімділігін жеңілдету көзделіп отыр. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ заңды таныстырғанда айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Шапақ атап өткендей, 2023 жылғы наурыздан бастап банктердің, микроқаржы ұйымдарының және басқа да кредиторлардың кредиттері бойынша жеке тұлғалардың соттан тыс банкроттығының заңнамалық рәсімі енгізілді.

Банкроттыққа өтініш беру үшін қарыз алушыдан ағымдағы берешегі бойынша және барлық кредиторлар, мерзімі өткен қарыздың реттелуі туралы көптеген құжаттар мен мәліметтер беру талап етіледі. Бір құжатты қате ұсынудың өзі қабылдаудан бас тартуға негіз. Нәтижесінде, қазіргі таңда 84 мың өтініштің ішінде банкроттық рәсімі 9,5 мың азаматқа қатысты жүргізілді, - деді депутат Мәжілісте.

Оның сөзінше, соттан тыс банкроттық рәсімі шеңберінде артық әкімшілік кедергілерді жою мақсатында заң жобасында борышкердің мерзімі өткен берешекті реттегенін растайтын құжатты ұсынуы бойынша талап алып тасталады.

Бұдан басқа, заң жобасында реттеу және өндіріп алу рәсімін жүргізу мерзімі 18 айдан 12 айға дейін қысқартылады, - деп айтты Үнзила Шапақ.

Өзгелердің жаңалығы