Азамат сақтандырылмаған болса да, травмотолог қызметі тегін көрсетіледі – дәрігер

6 Қаңтар 2021, 16:31
2003
Бөлісу:
Азамат сақтандырылмаған болса да, травмотолог қызметі тегін көрсетіледі – дәрігер

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Бұл туралы «Травматологиялық қатерден сақтану және жарақаттанған жағдайда не істеу керек: тәжірибелі травматологтардың кеңесі» атты онлайн дәріс барысында академик Н.Д.Батпенов атындағы травматология және ортопедия ұлттық ғылыми орталығының №5 травматология бөлімшесінің травматолог-ортопед дәрігері Әнуарбек Кулчаров айтты.

Бізге көбіне аяқ-қолын, жамбас сүйегін сындырып, шынтағын шығарып алғандар жиі көмекке жүгінеді. Сонымен қатар жұмсақ тіндердің көгеруі, бас сүйегі сынығымен де көмек сұрап келетіндер бар. Біз пациенттердің барлығын қабылдап, кәсіби медициналық көмек көрсетеміз. Егер азамат көшеде келе жатып құлап қалған болса, ең алдымен, көлік жолынан сақтанудың жолын қарастырып, адамдардан көмек сұрауы қажет. Содан кейін жедел жәрдем шақырғаны жөн, - дейді дәрігер. 

Әнуарбек Кулчаров егер жарақат алған пациент сақтандырылмаған болса, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) арқылы ай сайын төлем жасалмаса да, оған тиісті медициналық көмек көрсетілетінін айтты.

Кез келген жарақат алғандарға алғашқы медициналық көмек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) аясында көрсетіледі. Ол сақтандырылмаған болса да, біздің тарапымыздан травмотологтың алғашқы тексерісі, рентгенография, гипс жабынын салу, жарақатты өңдеу шарасы, қорытынды рентгенография және кеңес сияқты қызметтер міндетті түрде көрсетіледі. Егер азамат ауруханаға жататындай ауыр жарақат алса да, оған көрсетілетін тиісті көмек тегін. Біздің амбулаториялық және стационарлық көмек көрсететін травпункттеріміз бар, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы