Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі экономикалық сын-қатерлердің жағдайларында көптеген ел инновациялық инфрақұрылымы бар цифрлық экономиканы құрудың маңыздылығын түсінеді. Ол үшін базада жаңа технологиялық шешімдер іске асырылатын инновациялық экожүйені құрып, іске қосу қажет.
Әлемдегі технопарктерді дамытудың негізін қалаушылардың бірі АҚШ болды: Кремний алқабында жақсы жағдайлар жасалып, жүздеген ірі технологиялық компанияның іске асырылуына мүмкіндік берді. Технопаркті жетілдіру – ел экономикасының дамуының маңызды элементі. Олар идеяларды ерте даму кезеңінде іске асыруға көмектесетін инфрақұрылым элементтерін біріктіре отырып, тұтас жүйе құрады.
Қазақстанда озық идеялармен алмасу алаңы Astana Hub IT-стартаптарының халықаралық технопаркі болып табылады. Технопарк Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының бесінші бағыты шеңберінде 2018 жылдың қарашасында ашылды. Технопаркті аша отырып, Нұрсұлтан Назарбаев "Astana Hub бүкіл әлемнің кәсіпкерлерін тарту үшін платформа болуы тиіс" деп атап өтті.
Astana Hub-та стартаптарды дамытудың түрлі бағдарламалары жұмыс істейді: стартап мектебі, инвесторлар мектебі, инкубациялар мен акселерациялар бағдарламалары және т.б. Бүгін, бизнес білім цифрлық трансформация дәуіріне еніп, ал дәрістер тиімсіз болған кезде, жұмыс орнында оқыту өзекті болуда. Harvard Business Review беделді бизнес басылымында акселерациялық бағдарламалар инновациялық экожүйесіне және адам капиталының дамуына оң әсер ететіні атап өтілді. Акселераторлар стартаптарды бизнес дамуының тез өсуіне ғана емес, сонымен қатар команда, инвесторлар мен сарапшылар арасында сапалы байланыс орнатуға үйретеді.
Мысалға, әлемде ең үздік әлемдік бизнес-инкубаторлардың бірі - Кремний алқабына дамудың ең ерте кезеңдерінде перспективалы стартаптарды тартуға маманданған Y-Combinator. Бүгінде Y-Combinator 1,5 мыңға жуық стартапты қаржыландырды, олардың жалпы құны - $80 миллиардтан астам. Акселератор қатысушылары 30 мың доллар көлемінде грант алады. Белгілі Y-Combinator мүшелері-Dropbox, Airbnb, Stripe, Loopt, Justin.tv, Weebly and Scribd.
Astana Hub-тың акселерация бағдарламасына қатысу оның жобасына мемлекеттік секторға шығуға мүмкіндік берді: «Astana Hub – бұл алға жетелейтін, ынтамен қуаттайтын, жұмыс орындарын беретін орта. Акселерациялық бағдарлама бизнесті ілгерілету үшін қажетті негізгі теориялық білімді түсінуге көмектеседі. Егер сіз сапалы өнім жасап, әлемді өзгерткіңіз келсе, онда дұрыс ортада болуыңыз керек.
"Досыңның кім екенін білсем, өзіңнің кім екендігіңді айтып беремін" деген мәтелді Astana Hub және акселерациялық бағдарламаға қолдануға болады. Бұл жерде бірегей идеялар жасайтын адамдар жиналады және осы жобалардың көпшілігі табысқа жететініне сенімдімін, - деді Algorithm жобасының негізін қалаушы, Astana Hub қатысушыларының бірі Әлібек Бейсенбаев.
Халықаралық трекер Екатерина Никорованың айтуынша, акселерациялық бағдарлама стартаптарды жетілдіру бойынша заманауи және тиімді құрал.
Акселерация идеяларды іріктеу кезеңінде де, инвесторларды іздеу үшін де тиімді. Шын мәнінде, акселератор - бұл өмір сүру мектебі, жоба өмірінің келесі циклдарында табысқа жету мүмкіндігін арттырады. Акселерация кезінде әлеуетті инвесторға трекшен бойынша барлық деректер қол жетімді, яғни акселераторға қатысу кезінде стартаптың нәтижелерін қадағалау, бұл инвестициялардың жоғалуы бойынша тәуекелдерді бірнеше есе азайтады және стартаптың негізін қалаушы мен командаға сенімділік деңгейін арттырады. Акселерация кезінде біз өз компаниямыз үшін түсімді арттыруға мүмкіндік беретін белгілі бір құралдарды әзірледік. Біз оларды міндетті түрде өзімізде қолданатын боламыз. Сондай-ақ, біздің стартаптар арасында қалыптасқан одақ одан әрі дамып, біз Қазақстанда да, халықаралық нарықта да бір-бірімізге көмектесеміз деп үміттенемін, - деп атап өтті Bilbordeo негізін қалаушысы Евгений Тян.
2018 жылы қазақстандық стартаптар тобы Оңтүстік-Шығыс Азияның үздік 100 стартапына кіріп, Сингапурдағы Echelon Asia Summit ірі технологиялық алаңында венчурлік инвесторлардың алдында өнер көрсетті, олардың ішінде Astana Hub (Game of Drones, AILabs, KazMotors) акселерациясының бірінші бағдарламасының түлектері бар.
Бұл жұмыстың маңызды нәтижесі қатысушылардың жаңа жұмыс орындары мен өндірістік үй-жайларды құру болып табылады. Технопарк құру кезінде Нұрсұлтан Назарбаев ІТ-технологияларды дамытуға тартылған талантты жастарды қолдау қаншалықты маңызды екенін бірнеше рет атап өтті. Astana Hub бірқатар университеттермен белсенді ынтымақтастықта, оның ішінде Назарбаев Университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан-Британ Техникалық Университетінің Ақпараттық технологиялар факультеті және т.б. Бұл студенттерге хаб экожүйесінің қорларын пайдалануға, сондай-ақ студенттік стартап мәдениетін дамытуға мүмкіндік береді. 2019 жылы технопарк Startup Sapary ауқымды білім беру науқанын өткізді. Astana Hub 14 облыс орталығы мен республикалық маңызы бар 3 қаланы аралады. Жобаның тыңдаушылары 5,5 мыңнан астам адам боды, олардың басым бөлігі қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері.
Astana Hub-тың 2018 жылдан бастап жұмыс істегеннен бері акселерация бағдарламасынан 169 стартап-жоба өтті, оның 72%-ы осы күнге дейін табысты жұмыс істеуде. 2020 жылдың басынан бері акселерация бағдарламасынан тағы да 31 стартап-жоба сәтті өтті. Astana Hub баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекеттік қолдау шараларымен 800-ден астам стартап-жоба қамтылған. 2018 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін қазақстандық стартаптармен 37,9 млрд теңге тартылды, оның 11,7 млрд теңгесі 2019-2020 жылдарда Astana Hub технопаркінің стартаптары мен қатысушылары арқылы тартылды.