Қазақстан ЕАЭО елдерінен импортты ұлғайтты

16 Шілде 2019, 02:23
949
Бөлісу:
Қазақстан ЕАЭО елдерінен импортты ұлғайтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылғы қаңтар-мамырда Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерінен импорттау 5 392,3 млн долларды құрап, 1,8%-ға өсті. Бұл туралы ҰЭМ Статистика комитетінен хабарлады. 

2019 жылғы қаңтар-мамырдағы Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 7 802,9 млн долларды құрап, 2018 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 0,1%-ға кем, соның ішінде экспорт – 2 410,6 млн долларын (4,1%-ға азайды), импорт – 5 392,3 млн долларын (1,8%-ға өсті) көрсетті.

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымы жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 92,4%, Қырғызстан Республикасына – 4,1%, Беларусь Республикасына – 3,4%, Армения Республикасына – 0,1% келеді.

Өзгелердің жаңалығы