Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 186 млн долларды құрады

15 Қаңтар 2020, 11:55
1752
Бөлісу:
Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 186 млн долларды құрады

Алматы, BAQ.KZ. 2019 жылғы қаңтар-қарашадағы Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 2018 жылға қарағанда 2,1% артқан.

Статистика комитетінің мәліметінше, 2019 жылғы қаңтар-қарашадағы Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 18629,1 млн АҚШ долларын құрап, 2018 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 2,1% артқан. Оның ішінде экспорт – 5561,9 млн АҚШ доллары (0,4% көбейді), импорт – 13067,2 млн АҚШ доллары (2,9% көбейді).

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымы жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 92,4%, Қырғызстан Республикасына – 4%, Беларусь Республикасына – 3,5%, Армения Республикасына – 0,1% келеді.
Өзгелердің жаңалығы