Қазақстанның борышы қауіпсіз деңгейде сақталып отыр – министр

10 Маусым 2020, 10:25
1307
Бөлісу:
Қазақстанның борышы қауіпсіз деңгейде сақталып отыр – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында  Қазақстан  Республикасы Үкіметінің  және  республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2019 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері қаралды.


Жалпы отырысқа алғаш рет қатысып отырған қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2019 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы қалыпты экономикалық өсу жағдайында іске асырылғанын айтты. 
Жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны 4,5%-ті құрады. 2019 жылы негізгі капиталға инвестициялардың көлемі 8,5%-ға өсті. Салалар арасында инвестициялардың елеулі өсуі ауыл шаруашылығында – 41,1%,  өнеркәсіпте - 15%, жылжымайтын мүлікпен операцияларда – 14,7%-ға байқалды.Үкімет жұмысының басымдықтары болып жұмыспен қамтамасыз ету, көпбалалы отбасылар мен жастарды қолдау жөніндегі шараларды кеңейту және күшейту табылды, - деді министр. 
Министрдің айтуынша президенттің тапсырмасын орындау барысында  халықтың әлеуметтік-осал топтарының екінші деңгейлі банктердегі және микроқаржы ұйымдарындағы 716 мың  кепілсіз тұтыну қарыздары өтелді.
Негізгі борышты төлеу шартымен өсімақылар мен айыппұлдарды есептен шығару бойынша салықтық рақымшылықты 56 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектісі мен 750 мыңнан астам жеке тұлға пайдаланды. Республикалық бюджетке түсетін түсімдер 100,4% атқарыла отырып, 10,6 трлн теңгені құрады.Шығыстар 99,9%-ке игеріліп, 12 трлн теңгені құрады, - деді министр.

Жамаубаев бұл 2018 жылмен салыстырғанда 22%-ға ұлғайып, 5,2 трлн теңгеге жеткенін айтты.
Бұл республикалық бюджеттің жалпы көлемінің 43%.Бюджет тапшылығы 1,3 трлн теңге болып, жалпы ішкі өнімге шаққанда 1,9% құрады. Қазақстанның борышы қауіпсіз деңгейде сақталып отыр, - деді министр.


Өзгелердің жаңалығы