Қазақстанның бірқатар облысында дабылды ескерту жарияланды

25 Ақпан 2019, 18:34
2204
Бөлісу:
Қазақстанның бірқатар облысында дабылды ескерту жарияланды

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері Маңғыстау, Алматы, Қызылорда облыстары мен Алматы қаласында дабылды ескерту жариялады.

"26 ақпанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ауа температурасының жоғарылауына байланысты Алматы облысы мен Алматы қаласы маңайында және Қызылорда облысы аумағында 2019 жылғы 26 ақпан – 1 наурыз аралығында қар еру мен ағын сулардың қалыптасуы және мұздық құбылыстардың әлсіреуі байқалуы күтіледі.


Өзгелердің жаңалығы