Азаматтық альянс президенті Салтанат Рақымбекова қайтыс болды

3 Тамыз 2020, 09:00
2806
Бөлісу:
Азаматтық альянс президенті Салтанат Рақымбекова қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Азаматтық Альянсы директоры Салтанат Темірқұлқызы Рақымбекова қайтыс болды. 

Бұл туралы оның жұбайы Төлеутай Рақымбеков facebook-тегі парақшасында жазды. 

Менің Салтанатым, мәңгілікке бізді тастап кете барды... - деп жазды ол. 

Белгілі болғандай Салтанат Темірқұлқызы пневмониямен үш апта ауырған. 11 шілде күні жұбайы Салтанаттың реанимацияға түскенін хабарлаған еді. 

Рақымбекова Салтанат Темірқұловна 1965 жылы 18 ақпанда бұрынғы Шымкент облысы Жамбыл ауылында дүниеге келген. 

"Жасыл" экономика және G-Global дамыту коалициясы" ЗТБ басқарма төрағасы, ҚР Президенті жанындағы "Жасыл" экономикаға" көшу" кеңесінің мүшесі, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қоғамдық кеңесінің төрағасы болды.



Өзгелердің жаңалығы