Қазақстанның 3 қаласында ауа сапасы нашарлайды

31 Наурыз 2019, 09:12
2006
Бөлісу:
Қазақстанның 3 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлайды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлайды.

Қарағанды, Орал, Ақтау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар ауаның ластануына ықпал етеді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін тымық ауа райы, жел, тұман, инверсия сияқты қысқамерзімді метеофакторлардың жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.   

Өзгелердің жаңалығы